ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 17 мамыр күні комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылы атқарған жұмысы туралы есебі, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қаласындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеу қорытындысы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарындағы сыртқы көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығына жүргізілген зерделеудің қорытындысы бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Сүйманова хабарлама жасады.