ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Тараз қаласы мен Байзақ ауданынан басқа аудандардың қатысушылары комиссия отырысына селекторлық режимде қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау мәселесі бойынша Байзақ ауданы әкімдігінен түскен 2 ұсыныс қаралып, аудан әкімінің орынбасары Д.Дәулетовтің хабарламасы тыңдалды.
Сонымен қатар, Мойынқұм, Шу аудандарындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеу қорытындысы мен Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы сыртқы көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығына жүргізілген зерделеу қорытындысы туралы Тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Н.Сүйманова хабарламалар жасады.