ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен а.ж. 27 желтоқсан күні өткізілді.
Комиссия отырысында әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және атаулардың транскрипцияларын нақтылау мәселесі бойынша Жамбыл, Меркі және Сарысу аудандары әкімдіктерінен түскен ұсыныстар қаралып, аталған аудан әкімдері орынбасарларының хабарламалары тыңдалды.
Күн тәртібіне сәйкес Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеу қорытындысы мен Мойынқұм, Шу аудандарындағы сыртқы көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығына жүргізілген зерделеу қорытындысы туралы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова хабарламалар жасады.