ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекованың төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеу қорытындысы, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қаласындағы сыртқы көрнекі ақпараттардағы тіл сауаттылығына жүргізілген зерделеу қорытындысы туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Н.Сүйманова баяндамалар жасады.